blog Images

«Қосай ата»мешітінде ҚМДБ құжаттарын насихаттау жиыны өтті

Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің  бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед мешіт қызметкерлерімен жиналыс өткізіп, ҚМДБ тарапынан бекітілген құжаттарды жамағат арасында кеңінен насихаттауды жандандыру жөнінде арнайы тапсырма берді.

Жиында сондай-ақ жаңа жарық көрген «Пәтуа жинағы» кітаптарын халыққа таныстыру, оның мазмұны мен маңызын түсіндіру жұмыстарының да басты назарда болуы қажеттігі атап өтілді.

Имам мешіт ұжымын құжаттар мен пәтуалардың мән-мазмұнын дұрыс жеткізіп, жамағаттың діни сауатын арттыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде күшейтуге шақырды.