blog Images

«Қосай ата»мешітінде интеллектуалды білім сайысы өтті

Қадір түніне орай Теңге ауылы Қосай ата мешітінде «IQRO GUIZ»форматындағы білім сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа жамағат белсенді түрде қатысып, діни сауаттарын сынап көрді. Қатысушыларға әртүрлі діни сұрақтар қойылып, жауап беру барысында Құран, сүннет және ислам негіздеріне қатысты білімдері тексерілді.

Сайыс барысында қатысушылар ынтымақтастық танытып, бір-бірімен білім жарысын ұйымдастырды. Жауап берген әр қатысушыны қолдау мақсатында арнайы сыйлықтар беріліп, белсенділік танытқандар марапатталды.