«Қосай ата»мешітінде «Дін мен дәстүр I»кітабы бойынша білім сайысы өтті
Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде жамағаттың дәстүрлі айлық отырысы өтті.
Жиын аясында Мүфтият баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр I» кітабы негізінде IQRO QUIZ білім сайысы ұйымдастырылды. Қатысушылар кітап мазмұны бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Мешіт бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы жиналған жамағатқа сәттілік тілеп, ауызбіршілік пен татулықтың маңызы жөнінде насихат айтты. Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен жамағат мүшелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.



