«Қосай ата»мешітінде «Бір күнде-бір мұқтажға көмек»қайырымдылық шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айында Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде Рамазанда «Бір күнде-бір мұқтажға көмек» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға азық-түлік себеттері таратып,Қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтты.Өз кезегінде көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп,ұйымдастырушылардың еңбектеріне береке тіледі.
