«Қосай ата»мешітінде 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 балаға арнайы киім-кешектер таратылды. Атап айтқанда, балаларға костюм-шалбар, ветровка және күнделікті киюге арналған шалбарлар үлестірілді.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, оларды жаңа киіммен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.
