blog Images

«Қосай ата» мешітінің жылдық жоспары бекітілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде 2023 жылдың алғашқы жиыны өткізіліп, жұмыс жоспары бекітілді.

Мешіт имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы құлшылық үйінің қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан бекітілген дәстүрлі бағыттар бойынша жұмыстарға ерекше көңіл бөлуге, табанды әрі жігерлі болуға үндеді.

Бұдан бөлек ​оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық іс-шаралары, дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс және өзге де мешіт қызметінің салалары бойынша жауапты дін қызметкерлер тағайындалып, нақты тапсырмалар берілді.