blog Images

«Қосай ата» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар 30-шы пара, яғни «Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу және «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу аталымдары бойынша бақ сынасты. Құран жарысына білікті дін қызметкерлері төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

«Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу:

І орын – Сырым Мұхаммед;

ІІ орын – Эрджумаев Сатжан;

ІІІ орын – Артық Нұрғиса.

«Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу:

І орын – Абишаев Санжар;

ІІ орын – Нұрлыбай Елдос;

ІІІ орын – Рссай Нұрлан.

Аталмыш жарыста жүлделі орын алған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға дипломдар берілді.

«Қосай ата» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!