blog Images

«Қосай ата» мешіті жамағатының айлық басқосуы өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде  жмамағатпен айлық отырыс ұйымдастырылды.

Дін қызметкерлерінің  ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға құлшылық үйінің жамағатымен қоса Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Қажымұқан Далубайұлы қатысып,жамағатқа тұщымды насихат айтты.Сонымен қатар,  жиынға қатысқан жамағат 5 топқа бөлініп,Фиқһ,Құраннан, салт -дәстүрден тесттік сұрақ- жауап  сайысы өткізілді.Сайыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталды.