blog Images

«Қосай ата» мешіті: «Шопан ата» мешітіне зиярат жасалды

Маңғыстау өңіріндегі киелі орындарды насихаттау мақсатында Жаңаөзен қаласының қонақтары үшін арнайы зиярат ұйымдастырылды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің наиб имамы Мәжит Хорезимұлы қала қонақтарын «Шопан ата» жерасты мешітіне апарып, Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті болған бабамыздың өмірінен сыр шертті.