blog Images

«Қосай ата» мешіті: Шәкірттерге ұлттық спорт түрі дәріптелді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде ерекше шара ұйымдастырылды.

Жастар ісі секторының жетекшісі, мешіт ұстазы Асадулла Хабибуллаұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында діни сауат ашу курсының шәкірттері сабақ арасында садақ тарту өнерін меңгерді.