blog Images

«Қосай ата» мешіті: Қыз шәкірттер Құран оқып жарысты

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінің қыз шәкірттері арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу аталымдары бойынша бақ сынасты. Құран жарысына білікті дін қызметкерлері төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

«Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу:

І орын – Ермекқалиева Кәусар;

ІІ орын – Ақмолда Жанерке;

ІІІ орын – Қабыл Назгүл.

Аталмыш жарыста жүлделі орын алған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға дипломдар берілді.

«Қосай ата» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы және құлшылық үйінің ұжымы осы игі шараға қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс білдіреді. Алла сіздерге разы болсын!