blog Images

«Қосай ата» мешіті: Қарияларға құрмет көрсетілді

Ораза айт мерекесіне орай Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде арнайы бағдарлама ұйымдастырылды.

Айт намазынан кейін мешіт имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлының және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Осыдан кейін құлшылық үйінің ауласында түрлі спорттық шаралар өтті.