blog Images

«Қосай ата» мешіті: Қадір түні бірқатар қызметкерлер марапатталды

Қадір түнінің құрметіне Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлының бастамасымен Рамазан айы бойы тарауық намаздарында жамағатты әуезді Құран үнімен сусындатқан қариға, ауызашар және сәресі дастарқанын әзірлеген аспазшыға, сондай-ақ құлшылық үйінің дін қызметкерлері мен тазалықшыларына алғыс айтылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.