blog Images

«Қосай ата» мешіті: Миғраж кешінде дастарқан жайылды

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде рухани кеш ұйымдастырылды.

Құлшылық үйі жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүзеге асқан шарада мешіт имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы «Исра және Миғраж түні» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басынан өткен оқиғаларды баяндап берді.