blog Images

«Қосай ата» мешіті: «Ауызашар қорапшалары» үлестірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешіті игі шара ұйымдастырды.

Мешіт имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлының бастамасымен жүзеге асқан шара кезінде дін қызметкерлері және еріктілер 30 адамға «Ауызашар қорапшаларын» үлестіріп, мүбәрак Рамазан айымен құттықтады.