blog Images

«Қосай ата» мешіті 10 отбасыға қайырымдылық жасады

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешіті кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне жүзеге асқан шара барысында дін қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға бір айлық азық-түлік салынған себеттерді үлестіріп берді.

«Қосай ата» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!