«Қолдан-қолға» жобасы: «Шаңырақ»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға»жобасы аысында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Мешітке қолдау сұрап келген отбасы қазіргі таңда жалдамалы пәтерде тұратынын, пәтерақы төлеу мерзімі келгенімен, қаржылық қиындықтарға байланысты оны өтеуге мүмкіндік болмай отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, келіншектің жақында ота жасатқанын, ал отағасының II топтағы мүгедектігі бар екені белгілі болды.
Жағдаймен танысқан Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының бастамасымен мешіт жамағаты аталған отбасыға қаржылай көмек көрсетті.
Бұл — мұқтаж жанға қолдау білдіріп, қиын сәтте жанынан табылудың көрінісі. Ислам дінінде мұқтажға жәрдемдесу, қайырымдылық жасау — сауапты амалдардың бірі.
