ҚМДБ Зекет қорының өкілдері облыстық мешіт ауласына ағаш отырғызды
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Іссапар аясында қордың өңірдегі жауапты мамандары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «35 мың түп ағаш егу» бастамасына белсене қатысты.
Игі шара барысында облыстық Бекет ата мешіті ауласына 20 түп ағаш көшеті отырғызылды. Аталған шараға дін қызметкердері қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттады.
Жалпы, көгалдандыру жұмыстары – экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, келешек ұрпаққа көркем де таза орта қалдыруға бағытталған ізгі қадамдардың бірі.
