ҚМДБ төрағасы Сауд Арабиясы елшісімен кездесті
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтанимен кездесті.
Кездесуде қажылық пен ұмра сапарын ұйымдастыру, осы бағыт бойынша ортақ жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру мәселесі сөз болды.
«Биыл елімізден төрт мың адам қажылыққа барады. Осы бағытта Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігімен бірқатар келіссөздер жасалды. Біз жыл сайын дәстүрге сай қажыларды әуежайдан құрметпен шығарып саламыз. Биыл Алматыда өтетін игі іс-шарамызға сізді арнайы шақырамыз» деді Бас мүфти.