blog Images

ҚМДБ төрағасы Қарағанды облысы имамдарымен кездесті

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймаққа қарасты мешіт имамдарымен арнайы кездесті.

Жиынды ашқан Бас мүфти ҚМДБ бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін жеткізді. Сондай-ақ имамдық қызметтің жауапты да сауапты тұстарына тоқталып өтті.

«Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқарар рөлі ерекше. Халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы» деді Бас мүфти.

Сонымен қатар кездесуде биылғы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылатын маңызды жұмыстар талқыланды. Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы облыс имамдарына нақты бірқатар тапсырма жүктеді.