blog Images

ҚМДБ Бөлім меңгерушісі Жаңаөзенде жұма уағызын айтты

ҚМДБ  Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Уағыз барысында РАНТ мүшесі  «Суицид – ауыр күнә» тақырыбында  жұма уағызын жүргізіп,адам өмірінің қадір-қасиеті, қиындықтарға сабырмен қарау, үмітсіздікке бой алдырмау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ислам дінінде өз-өзіне қол жұмсаудың үлкен күнә екені айтылып, жамағатқа Алланың рақымынан үміт үзбеу керектігі жайлы насихат айтты.