ҚМДБ Бөлім меңгерушісі діни білім беру орталықтарымен танысты
ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы Маңғыстау облысына іссапары барысында өңірдегі бірқатар діни білім беру орталықтарының құрылыс жұмыстарымен және тыныс-тіршілігімен танысты.
Алдымен Ақтау қаласында салынып жатқан Құран жаттау орталығының құрылыс барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Орталықтың болашақта өңір жастарына сапалы діни білім беруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ, Ақшұқыр ауылындағы Асар ата рухани орталығына арнайы барып, ондағы оқу үдерісімен танысты. Шәкірттермен жүздесіп, олардың білім алудағы ынта-жігеріне ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.
