blog Images

ҚАЖД №77 мекемесіне діни әдебиеттер берілді

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі тарапынан ҚАЖД №77 түзету мекемесіне «Muftyat» баспасының кітаптары табысталды.

Бұл игі іс шараның мақсаты — жазасын өтеуші азаматтардың рухани сауатын арттыру, діни тұрғыда оң бағытта тәрбиелеу және олардың қоғамға бейімделуіне үлес қосу.

Кітаптарды аталмыш мекемеге діни оңалту бөлімінің маманы Байкенже Серікбайұлы жеткізіп, ондағы қызметкерлермен және азаматтармен кездесу өткізді.

Іс-шара аясында діни әдебиеттердің қоғамдағы тәрбиелік маңызы, рухани тазару және түзелу жолындағы діннің рөлі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.