blog Images

Қазақстанның Малайзиядағы елшілігінде кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Малайзия мемлекетіне арнайы сапармен барған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы осы елдегі Қазақстан елшісі Болат Сүгірбаевпен кездесті.

Кездесу барысында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы елшіге Бас мүфтидің сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар, отандық халал индустриясын одан әрі дамыту және халықаралық байланыстарды нығайту мақсатында жасалған іссапарға жан-жақты жасалған қолдауы үшін алғысын айтты.