blog Images

Қарттар күніне орай қарияларға құрмет көрсетілді

Қазан айының алғашқы күні – елімізде дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар күні. Осы мерекеге орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен  Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында жасы үлкен, ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, ақ батасымен елді рухани қолдап жүрген қарияларға құрмет көрсетіліп, 20 қарт кісіге арнайы азық-түлік себеттері үлестірілді.

Мешіттің  наиб имамы қарияларды мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізіп, қарттарға деген ізет – ұрпаққа өнеге екенін атап өтті. Өз кезегінде ақсақалдар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, елдің бірлігі мен берекесі үшін ақ баталарын берді.