blog Images

Қарақия аудандық мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үлес қосты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарақия аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында аудан бас имамы Руслан Сержанұлы құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін үлестіріп берді.

Қарақия аудандық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!