blog Images

Қарақия ауданында оқушылармен «Дін мен дәстүр» аясында кездесу өтті

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектебінде» «Дін мен дәстүр» бағдарламасы аясында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Жиында Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Серік Орынханұлы қатысып, «Жастар және рухани тәрбие» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Бас имам өз сөзінде жастардың бойына көркем мінез, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңірудің маңыздылығына тоқталып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайында кеңінен әңгімеледі.