blog Images

Қарақия ауданында көшпелі ауызашарлар ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарақия аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жақын маңдағы елді мекендерде ауызашарлар берілді.

Қарақия ауданының бас имамы Руслан Сержанұлының бастамасымен Сенек, Станция және Мұнайшы елді мекендерінде өткен рухани шаралар аясында уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, салиқалы әңгімелер өрбіді.