blog Images

Қарақия ауданы:Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Қарақия аудандық орталық мешітінің наиб имамы Ізтұрғанов Бағжан Өмірзақұлы Құрық ауылының жалпы білім беретін №1 мектеп оқушыларымен кездесті.

Жиын барысында «Дәстүрлі, ұлттық рухани-діни тәрбиенің құндылықтарын насихаттай отырып, радикалды діни ағымдар идеологиясынан сақтандыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.