blog Images

Қарақия ауданы: Шағын футболдан қайырымдылық турнир өтті

Қасиетті Рамазан айына орай Қарақия аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен шағын футболдан қайырымдылық турнир ұйымдастырылды.

Абдурахим Мұрамадымұлы есімді кішкентай бауырымыздың еміне қаржылай көмектесу мақсатында өткен спорттық шараға 16 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде жиналған 237,000 теңге қаржыны Қарақия аудандық мешітінің бас имамы Руслан Сержанұлы Абдурахимнің нағашысына табыстап, сәбидің дертіне шипа тіледі.

«Мұсылман ‒ мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады», ‒ деген пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне амал жасап, осы игі шараға қолдау білдірген азаматтарға Алла разы болсын!