blog Images

Қарақия ауданы: Рамазанда арақ-шарап сатпаған дүкендер марапатталды

Қарақия ауданында орналасқан бірқатар дүкен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының оразаға орай үндеуіне үн қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Қарақия ауданының бас имамы Руслан Сержанұлы Рамазан айында берген уәделерінде тұрып, берекелі мезгілде арақ-шарап саудасын тоқтатқан «Айкүн», «Али-Аян», «Жаз», «Ғасыр», «Райым» және «Ырысбибі» дүкендерінің иелеріне алғыс хаттар табыстап, ризашылығын білдірді.