Қарақия ауданы: Азық-түлік дүкендеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарақия аудандық орталық мешіті қызметкерлерінің бастамасымен ауыл ақсақалдарымен біргелікте «Рамазан айына дайындық» акциясымен азық-түлік дүкендерінде спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Руслан Прманов азық-түлік дүкендеріне өткен түсіндірме жұмыстарында тек Рамазан айында ғана емес,барлық уақытта спирттік өнімдерді сатуға тыйым салуға және ҚМДБ Халал сертификатын алған,адал әрі халал өнімдерді тұтынуға шақырды.