blog Images

Қарақия ауданы: 100 отбасыға зекет берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарақия ауданына қарасты мешіттерде ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау өңірі бойынша филиалының және Қарақия аудандық мешітінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шаралар барысында, жергілікті дін қызметкерлері Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Сенек елді мекендерінде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға қаржылай зекет берілді.

«Зекет – жай ғана садақа түрі емес, бұл қоғамның теңдігіне септігін тигізетін маңызды әлеуметтік құрал. Осы орайда кәсіпкер азаматтардың Рамазан айында берілген зекетін Алла қабыл алып, сауаптан жазсын деп тілейміз», деді Қарақия ауданының бас имамы Руслан Сержанұлы.