Қарақия аудандық орталық мешітінде білім сайысы өтті
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарақия аудандық орталық мешітінде күн сайын құптан намазы алдында жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылып келеді.
Рухани шара барысында жамағатқа діни тақырыпта сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Жамағаттың діни сауатын арттыру, ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында өткен білім сайысында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
