Қарақия аудандық мешіті:Өрт сөндіру мекемесінде кездесу өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» аясында Қарақия аудандық орталық мешітінің бас имамы Руслан Пірманов ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қ) РММ № 7 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Мекеме қызметкерлерімен өткен кездесу барысында Руслан Пірманов Жат ағымның алдын алу тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Өрт сөндіру мамандары бас қосқан жиында қатысушылар тарапынан да сауалдар қойылып, оларға имам толыққанды жауап берді.