blog Images

Қарақия аудандық мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық акциясы жалғасын тапты

Қарақия аудандық орталық мешітінде «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны жалғасын тапты.

Игі шара аясында Қазақ зағиптар қоғамының 20 отбасына қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.

Бұл бастаманың басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру. Шара соңында қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіріп,көмек алған жандар барша ұйымдастырушыларға Алла Тағаладан береке тіледі.

Рамазан айында жасалған әрбір игі іс пен қайырымдылықтың сауабы еселене берсін.