blog Images

Қарақия аудандық мешітінде Ораза айт мерекесі атап өтілді

Қарақия аудандық орталық мешітінде Ораза айт мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Мереке қарсаңында мешіт ауласында жамағат пен ауыл тұрғындары айттың шаттығын бірге бөлісіп, бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі сайыстар өткізілді. Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді.