Қарақия аудандық мешіті жамағатының айлық отырысы өтті
Қарақия аудандық орталық мешітінде наурыз айындағы жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.
Ақшам намазынан кейін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқап «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында тұщымды уағыз айтты.
Рухани кеш мешіт имамы Руслан Сержанұлы және жергілікті дін қызметкерлері жайған ақ дастарқан басында жалғасын тауып, Марат Жарылқап ұстаздың әсерлі насихатымен аяқталды.
Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.