blog Images

Қарақия аудандық мешіті 100 балаға айттық үлестірді

Ораза айт мерекесіне орай Қарақия аудандық мешіті игі шара ұйымдастырып, жергілікті балаларды қуанышқа бөледі.

Құлшылық үйінің имамы Руслан Сержанұлының бастамасымен жас ұрпаққа Ораза айт мерекесінің көңіл-күйін сезіндіріп, оларды рухани тәрбиеге баулу мақсатында 100 балаға тәттілер салынған базарлық қорапшалары үлестірілді.