blog Images

«Қайырымдылық жаршылары» :Оразмағанбет ахун мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде «Қайырымдылық жаршылары»қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында өткен игі іс шара барысында 10 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік қораптары үлестірілді.Мешіт бас имамы Оразбай Түркменбайұлы қайырымдылық көмектерді үлестіріп,қайырымдылық шарасына атсалысқан жандарға алғысын білдірді.