«Қайырымдылық көрсетудің жаңа қағидаттары» тақырыбында семинар өтті
ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Іссапар аясында қордың өңірдегі жауапты мамандарына арналған «Қайырымдылық көрсетудің жаңа қағидаттары» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қайырымдылық жұмыстарын жүйелі жүргізу, мұқтаж жандарға көмек көрсетудің тиімді жолдары, сондай-ақ зекет пен садақаны шариғат талаптарына сай үлестіру мәселелері кеңінен сөз болды.
Жиын барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, қайырымдылық пен жанашырлықтың қоғамдағы орнына тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қайырымдылық саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеудің маңызы ерекше атап өтілді.
Жиын соңында өңірдегі қайырымдылық жұмыстарын жандандыру бағытындағы бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды.
