blog Images

Қадір түнінде 10 азаматқа кіші қажылыққа жолдама берілді

Қадір түнінің құрметіне орай Маңғыстау облысына қарасты құлшылық үйлерінде өткен шаралар барысында бірқатар азаматтарға кіші қажылыққа жолдамалар табыс етілді.

Атап айтқанда қасиетті Меккені көру бақыты Рамазан айы бойы тарауық намаздарында жамағатты әуезді Құранмен сусындатқан қариларға, дін қызметкеріне, тарауық намазына қатысқан жасы ең үлкен ақсақалға және ислам дінін қабылған бауырымызға бұйырды.