ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРИЛАР МЕН МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қасиетті Қадір түнінде Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қарилар мен мешіт жамағатына құрмет көрсетілді.
Рамазан айы бойы облыстық мешітте Құран Кәрімді толық хатым еткен қарилар – Әлихан қари Қарасайұлы мен Қайрат қари Қожағұлұлы жамағат алдында құрметке бөленіп, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қариларға арнайы сыйларын табыстап, қарилардың еңбегіне алғыс білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.
Сондай-ақ қасиетті түннің құрметіне мешіт жамағаты жасы үлкен ақсақалдардың біріне кіші қажылық – Ұмра сапарына жолдама тарту етті.
