Қадір түні қарсаңында «Ержан Хазірет» мешітінде білім сайысы өтті
Қасиетті Қадір түнінде Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде жамағат арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.
Танымдық бағыттағы сұрақтарға белсенді қатысқан жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталып, олардың діни білімге деген қызығушылығы артты.
Шара жамағаттың рухани кешке деген ықыласын күшейтіп, ерекше әсер қалдырды.
