ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ «РАМАЗАНҒА ҚАТЫСТЫ 200 СҰРАҚ»КІТАБЫ ЖАМАҒАТҚА ТАРАТЫЛДЫ
“Ислам және адал қоғам ” жылы аясында қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде жамағатқа “Рамазан айына байланысты 200 сұрақ-жауап” кітабы тегін таратылды.
Жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру мақсатында өткен шарада облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұля : “«Muftiyat» баспасынан шыққан оразаға қатысты көп қойылатын сұрақтар жауабы жинақталған кітапшаны жамағатқа ұсынып отырмыз,осындай игі мақсаттағы қайырымдылық шаралары Рамазан айы бойы жалғасын табатын болады.Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!”,-деді.
