«Оразмағанбет ахун»мешітінде қарилар мен ақсақалдарға сый жасалды
Қасиетті Қадір түні қарсаңында Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде қасиетті Құран хатым жасалып, жамағатпен бірге рухани кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында мешітте бір ай бойы Құран хатым жасаған қариларға кіші қажылыққа жолдама табысталды. Бұл – олардың діни жолдағы қажырлы еңбегіне деген зор құрмет пен ризашылықтың белгісі. Сонымен қатар, мешіт ақсақалдарына шапан жабылып, олардың қоғамдағы және діни қызметтегі үлесіне алғыс білдірілді. Кеш барысында жамағат қарилар мен ақсақалдардың тағылымды сөздеріне құлақ асып, рухани азық алды.
