«Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келген айына орай Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті.
Игі шараға Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы, қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Еркеғали Әлбетов және «Қосай ата» мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы арнайы қатысты.
Жиын барысында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір жолы мен өнегелі сирасынан тағылымды насихаттар айтылып, жамағатқа рухани тәлім берілді.
Сонымен қатар, мерекелік жиынға қатысқан жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Мінсіз Мұхаммед» атты кітап таратылды. Бұл сыйлық жамағатқа пайғамбарымыздың өмірі мен мұрасына терең бойлап, сүннет жолын ұстануға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Мәуліт мерекесі жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, жүректерге имандылық нұрын себумен қатар, пайғамбарымызға деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.







