Оразмағанбет ахун мешіті:Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен отбасыларға көмек берілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты толассыз жауған жаңбыр салдарынан Рахат ауылында бірнеше тұрғын үйді су басты. Табиғи қолайсыздық салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Рахат ауылындағы «Оразмағанбет ахун» мешітінің дін қызметкерлері жедел түрде ұйымдасып, қайырымдылық шараларын жүргізді.
Игі іске жұмылған мешіт қызметкерлері су басқан үйлерге барып, тұрғындарға қолғабыс жасап, суды сыртқа шығаруға көмектесті. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған отбасыларға ыстық шай мен тамақ жеткізіп, олардың жағдайын сұрап, рухани қолдау көрсетті.
