Оразмағанбет ахун мешітінің шәкірттері арасында Құран сайысы өтті
Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде шәкірттер арасында «Рамазан – Құран түскен ай» атты Құран сайысы өтті.
Рухани шарада мешіт шәкірттері Құран Кәрімнің 30-парасынан өзара бақ сынап, білімдері мен тәжуид ережелерін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
1-орын –Нұғмет Абдурахман
2-орын – Амангелді Мансұр
3-орын –Құлбай Абдулла
Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
