blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде жамағатпен айлық басқосу өтті

Қасиетті Миғраж түніне орай Оразмағанбет ахун Турмағанбетұлы мешітінде жамағатпен айлық басқосу өтті. 

Жиында Ар-Рахман мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы қонақ болып, жиналған жамағатқа «Исра және Миғраж» тақырыбында уағыз-насихат айтып, бұл түннің ислам тарихындағы маңызы, мұсылман үшін берер рухани тағылымы жөнінде кеңінен түсіндірді.

Тағылымды жиын жамағаттың рухани танымын арттыруға бағытталып, шара соңында дұға жасалды.